The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБизнес

Қазақстан Орталық Азияға астық экспортын 32%-ға арттырды

 Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық жүктерін тасымалдау мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты.

Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.

Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстан Республикасындағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келгені атап өтілді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді.

Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8–9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында 8 мыңға жуық қария «Аардагерлер үйінде» демалуға мүмкіндік алды

admin

Арыс: мешіт имамдарымен келесі кездесу өтті

admin

Бір тәулікте Таяу Шығыс елдерінен 1200-ден астам Қазақстан азаматы эвакуацияланады

admin