The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 188 млрд теңгеге банкрот деп танылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнама үнемі жетілдіріліп келеді. Соңғы өзгерістер қатарында:

  • 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеу талабының алынып тасталуы;
  • Борышкердің себепсіз соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтата алу мүмкіндігі;
  • Банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, соның ішінде кредиттік бюроларда көрсетілмеген барлық міндеттемелерінің тоқтатылуы.

Сонымен бірге, Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлар қатарынан шығару және берешегі 1600 АЕК-ке дейінгі азаматтар үшін рәсім мерзімін қысқарту жөніндегі түзетулер қарастырылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы жоғарғы оқу орындары 25 хостелмен келісімге келді

admin

Түркістан: 2 мектептің құрылысы әлі біткен жоқ

admin

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіне тұру бойынша кеңес берілді

admin