The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Қазығұрт: тілдер мерекесі аталып өтілді

 

5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Мерекелік шара аясында аудан әкімінің уақытша  міндетін атқарушы Тайбек Қалымбетов  қатысушыларды мерекемен құттықтап, Тіл – ұлттың тірегі, рухани байлығы, өткені мен болашағы. Қазақ елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры биік байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жо-ға¬луына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген. Бұл – тілден артық қазына жоқ екендігінің айғағы деді Тайбек Қалымбетов. Сондай-ақ, ауданда тілдерді дамыту бағытында атқарған жұмыстары үшін бірқатар тіл жанашырларын  аудан  әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Жиын соңында аудандық мәдениет майталмандарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор: Қайтарылған жерлер мәселені шешпей отыр

admin

Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан екінші алтын алды

admin

ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бойынша мыңнан астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты

admin