The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

“Сауранда” 88 мәселенің 82-сі шешімін тапты

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Сауран” секторының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

«Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды.

Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Омар Жәлел өзін сөккендерге жауап берді

admin

Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден бастап өтемақы төленетіні рас па

admin

Елбасы «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешеніне барды

admin