The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: аудан әкімі кезекті сапарында Теспе ауылына қарасты Теспе көлінің маңында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Тұрғындармен еркін форматта өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, электр жүйесі, газдандыру, ортақ жайылым  жөнінде мәселе көтерілді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша ауылдағы электр бағаналары соңғы рет Кеңестер Одағы тұсында ауыстырылған. Осы мәселені аудан басшысының алдында айтқан ауыл ақсақалдары, салаға жауапты мекеменің жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді.

Өз кезегінде аудан басшысы «Оңтүстік Жарық» мекемесіне тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерді уақытылы ретке келтіруді міндеттеді.

Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаковқа 2018 жылы құрылысы жүргізіліп тоқтап қалған газдандыру жұмыстарын қайта бастап, күз айына дейін ауылды газдандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Ал, ауылдың атыз-арығына ағын су жүргізу үшін көлден бөлінген каналдарды механикалық тазалаудан өткізуге арнайы техника қарастырып, жұмысты жуық арада бастайтындығын айтып өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Грантпен оқыған түлек бюджетке 1,7 млн теңге қайтаруға міндеттелді

admin

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған

admin

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады

admin