The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауылдастардың көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелермен танысты.

Тұрғындар өз кезегінде аудан басшысына ауыл шаруашылығына қажетті ағын су тапшылығын айта келе ауылға келетін өзен арнасының бастау көзін жеке кәсіпкерлер жауып отырғандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, тұрғындар ауыл ішіндегі инфрақұрылым мәселесін де аудан басшысының назарына ұсынды.

Халықтың талап-тілектерін ескерген Нұрбек Бақтыбайұлы ағын судың атызға іркіліссіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында аталған каналдар мен арықтарды тез арада механикалық тазалаудан өткізетіндігін жеткізді.

Ауылдың ішкі орамдық көшелеріне асфальт жабындысын сұраған тұрғындарға аудан басшысы: «Бірінші кезекте басымдықты ауылға барар жолы жоқ  (тас, топырақ жолдар) елді мекендер мен ауылдарға береміз. Ал, ауылдың ішкі орамдық көшелері сараланып, кезең-кезеңімен жөндеуден өтеді», деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қанттың келісі 1000-1500 теңгеге дейін жетуі мүмкін

admin

Алматыдағы ипподром мемлекет меншігіне өтетін болды

admin

Түркістан облысында 500 мыңнан астам көшет егіледі

admin