The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: С.Ысқақ негізгі орта мектебінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан бірнеше өзекті мәселе ортаға салынды.

 «Біз ауданымызға қарасты барлық ауылдарды аралау барысында шешімін таппаған күрделі мәселелерді арнайы хаттамаға түсіріп, ауданның алдағы 5 жылдық даму жоспарын әзірлеп, жол картасына енгіземіз. Сол арқылы жоспарлы түрде инфрақұрылым, коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, мәдениет, спорт саласы бойынша  талданып, сараланған мәселелерді кезең-кезеңімен республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен жүзеге асыратын боламыз. Тіпті, шешімі кезек күттірмейтін мәселелерді инвесторлар, демеушілер есебінен жүргізуге күш саламыз», деді аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Ынтымақ ауылының тұрғындарымен кездесуде.

Соның ішінде ауылдың орталық көшесін жарықтандыру мәселесі айтылып, ынтымақтықтар аудан әкімінен қолдау сұрады.

Өз кезегінде Нұрбек Бақтыбайұлы салалық бөлімге «Оңтүстік Жарық» мекемесімен бірлескен түрде ауылдың жарықтандыру жұмыстарын ай көлемінде аяқтауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 319 мыңнан аса тұрғын вакцинаның екінші компонентін қабылдаған

admin

В Алматы усилят контроль за ОСИ и КСК: в 2026 году проведут около 300 проверок

admin

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев: «кездесуде айтылған сөздер жерде қалмайды»

admin