The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Ықыластемір ауылы тұрғындарымен кездесті.

Ауыл тұрғындарын алаңдатқан бірқатар мәселемен танысқан аудан басшысы өтініштердің еш ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.

Шаруалардың айтуынша соңғы жылдары ауыл іргесіндегі ірі егістік алқаптарының иелері жер жырту, тұқым себу науқаны кезінде халықтың ортақ жайылымдық алқаптарына сүйемдеп еніп кетуде.

Мәселенің мәніне үңілген аудан әкімі ауыл шаруашылық, жер саласына жауапты бөлім басшысына нақты тапсырма беріп, арнайы карта арқылы егістік алқап шекарасын анықтап, белгі қою жағын шегеледі.

Ортақ жайылымдық жерлер төңірегінде де сөз қозғап, игерілмей жатқан бос жерлерді аудан қорына қайтару арқылы шаруалардың ортақ жайылым мәселесін оңды шешуге күш салатындығын жеткізді.

Тұрғындардың спорттық комплекс, ФАП мәселесі бойынша да сұрақтарына жауап беріп, ауылға қажетті әлеуметтік нысандарды салу жөнінде тез арада облысқа өтінім берілетіндігін айтып өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстіктегі қалаларда жылу жүйесі бу-газ қондырғысына ауыстырылады

admin

Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесті.

admin

Қазақстан ауыл шаруашылығы цифрлық дәуірге қадам басты

admin