The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Қажымұқан ауылындағы “Қармантай” шаруашылығында болды.

Мұнда 2 гектар жерге болгар бұрышы және  8 соттық жерге қияр өсіруде. Бүгінгі күнге дейін  шаруашылық 2 рет болгар бұрышын жинап үлгерген.

Сонымен қатар, шаруа иесі аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлына алдағы жоспарымен бөлісіп, лимон мен қаражидек (черника) егу үшін 10 гектар жер телімін үйлестіріп беруін сұрады.

Аудан басшысы айтылған ұсынысы мен жоспарына қатысты аудандық кәсіпкерлік бөліміне тиісті құжаттары мен бизнес жоспарын  өткізу керектігін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

1 наурыз. Сағат тілін қалай ауыстырамыз?

admin

Шымкент: президенттің көмекшісі Ерлан Жиенбаевтың төрағалығымен онлайн кеңес өтті

admin

Түркістанда «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясындағы экологиялық акцияға мыңға жуық адам қатысты

admin