The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: аудан орталығындағы кіші көшелерге асфальт төселуде

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында жалпы 52 көше бар. Аталған 52 көшенің ішінде бірқатар ішкі көшелерді асфальттау жұмыстары басталды. Шаян ауылындағы Т.Тасболатов, Мүсірепов көшелеріндегі ұзындығы 2,5 шақырым жолға асфальт төселіп, көше қиылыстарындағы 5 жерге арнайы ағын су ағатын құбырлар орнатылса, аталған екі көшеден бөлек Мыңбұлақ  көшесіндегі ішкі жолға жолға асфальт төселді.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Енжанов, Шаян ауылдық округінің әкімі Айнұр Әуелбекова асфальт төселген көшелерді аралады. Аралау барысында Бағдатбек Жанғазиев ауыл әкіміне ағын су ағатын құбырлар орнатылған көшелердің бойындағы арықтарға тұрғындарды қатыстыра отырып сенбілік ұйымдастырып, тазалау жұмыстарын жүргізуді, жауапты бөлімге кіші көшелердегі асфальт төсеу жұмыстарының сапасына қадағалау жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адамға айыппұл салынды

admin

Бәйдібек: аудан әкімі алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

admin

Түркістан: Мақтааралдық шаруалар ерте пісетін көкөністер егу жұмыстарын бастап кетті

admin