The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Аудан әкімі мектептерді аралады

Бүгін Түлкібас ауданына қарасты барлық орта білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылының шымылдығы «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыптағы ашық сабақтар легімен бастау алды. Еркін форматта Ю.Гагарин атындағы білім ошағында өткен тәрбие сағатына аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ел болашағы жастармен еңбекқорлық, іздемпаздық сынды тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында оқушылар тарапынан аудан басшысына сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Оқушылармен сұхбаттасқан Нұрлан Мархабатұлы өмірде ең бастысы ерінбей еңбек етіп, алға қойған мақсатқа ұмтылу керек деді. Сондай өмірлік ұстанымды ұстанған жандар ғана биік белестерді бағындырып, армандарына қол жеткізетінің атап өтті.

Мектеп оқушылары мен ұстаздар мектепке арнайы ат басын бұрып келген аудан әкіміне алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. Тиісінше, аудан әкімі өмір жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас буын өкілдеріне ақыл-кеңесін берді. Содан соң, аудан басшысы аталған білім мекемесі оқушыларының өз қолымен жасаған қол өңер бұйымдарының көрмесін тамашалап, оқушылармен естелікке суретке түсті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында төрт ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр

admin

Қазақстанда зейнетақы 15 есеге артты

admin

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді

admin