Созақ ауданы: алғашқы қоңырау соғылды

0

Бүгін аудандағы барлық білім ордасында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылына арналып Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіндегі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысты. Мектеп ұжымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

 -Бұл күн әрбір адамның жүрегіне жылы сезім сыйлап, жақсы естеліктер қалдыратын ерекше мереке. Біздің ертеңгі болашағымыз, бүгінгі білім саласына төгілген теріміз бен еңбегіміздің нәтижесіне байланысты. Сондықтан биыл Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектебіне 300 орындық оқу корпусы мен Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта Ыбырай елді мекенінде Құрманғазы мектебінің жаңа ғимараты салынады.  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының және Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат лицейінің қосымша жайдың жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Одан бөлек, жекелеген балабақшалар бой көтеруде. Мұның бәрі білім саласына жасалып жатқан қамқорлық екенін айта кетуіміз керек, – деді аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы.

 Аудан басшысы жаңадан мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларының алғашқы сабағына қатысып,  оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына «Адалдық сабағын» өткізді. Жалпы биылғы оқу жылында аудандағы 35 мектепте дәстүрлі оқу жүйесінде жалғастыратын болады. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1515 бала қабылданып, жаңа 2022-2023 оқу жылында 14748 бала мектепте білім алады.


ПІКІР ЖАЗУ