Созақ: Медиатор инситутын жандандыру үшін өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Созақ аудандық соты, Созақ аудан әкімдігі және «Дана» құқық және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің арасында қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын сақтау, қоғамда орын алатын даукестің деңгейін төмендету, медиатор инситутын жандандырып, даулардың алдын алу туралы өзара ынтымақтастық келісімге қол қойып, дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Ақылбек Дәуренбеков, аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ауыл, кент округ әкімдері мен ауылдың беделді азаматтары мен медиаторлары қатысты. Дөңгелек стол барысында аудандық соттың төрағасы Ақылбек Дәуренбеков, жиынға қатысушыларға дауларды соттан тыс шешудің артықшылықтарын айтып жеткізді.
-Бүгінгі келісім дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында қол қойылды. Соттарда жүргізіліп жатқан медиация институтын жетілдіру арқылы татуластыру рәсімдерінің мүмкіндігі зор,- деді. Сонымен қатар жиында «Дана» құқық және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дана Кенжеқұлова өз баяндамасын жасап, орталықтан дәріс алған медиаторларға тиісті куәліктерді табыстады.
Келісім дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының кеңейтуге, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталған. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған тараптар, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қосымша жағдай жасау мақсатында барлық басталған істерді сүйемелдеуге әзірлігін жеткізді. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып өз ойларымен бөлісті.