Сауранда боран салдарынан болған залал қалпына келтірілді

0

Түркістан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жауапты сала мекемелері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, табиғи апат зардаптарын жою жұмыстарын жедел жүргізілді.

Қазіргі таңда Сауран ауданында тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. 2023 жылдың 1-11 қаңтар аралығында ауданға қарасты 12 ауылдық округ пен 35 елдімекенге тұрақты түрде бақылау жұмыстары (тазалық, электр жарығы, газ, су, жол тазалығы) жүргізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды. Қар тазалау жұмыстарына 16 техника, 36 адам жұмылдырылды. Электр жарығы бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 21 жұмысшы, 4 техника кезекшілікте болды.

Сонымен қатар, аудан орталығының тазалық жұмыстарына «Сауран Қызмет» МКК тарапынан 1 техника, 15 адам жұмылдырылған. Аудандық «Жастар ресурстық» орталығының мамандары тарапынан «Сауран Қызмет» МКК қызметкерлеріне ыстық кофе мен тәттілер таратылып, оларға қолдау көрсетілді.

Қазіргі таңда, аудан бойынша жағдай тұрақты, елдімекен арасындағы жолдар қардан тазартылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


ПІКІР ЖАЗУ