The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Төлебиде жолды қардан тазалау жұмысы жалғасып жатыр

Төлеби ауданына қарасты облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерді қардан тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Жолға жауапты мамандар, коммуналдық сала қызметкерлері қардан тазарту және инертті материалдар себу жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда. Сондай-ақ, елдімекендерде сала мамандары тұрғындармен байланысқа шығып, ауызсу, электр желісі, газ саласы бойынша туындаған мәселені дер кезінде шешу мақсатында жұмыстар жүргізуде.

Аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына 12 техника, 32 маман жұмылдырылған. Жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолды тазалау және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Жасыл белдеу» аймағында болды

admin

Елімізде отасқандарына 50 жыл толған ерлі-зайыптыларға құрмет көрсетілуде

admin

Алматы-Қонаев тас жолындағы өрттен кейінгі ауа сапасы тексерілді

admin