The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыста «KHAN» отбасылық ойын-сауық кешені ашылды

Арыс қаласында алғаш рет отбасылық ойын-сауық кешені ашылды.«KHAN» ойын-сауық орталығында тамақтанумен қатар караоке залы, сондай-ақ балалар үшін тиімді уақыт өткізуге арналған ойын алаңдары бар.

Отбасылық ойын сауық орталығының ашылуына қала тұрғындарымен бірге қала әкімінің орынбасарлары Ерғали Омарұлы мен Алмаз Советұлы қатысты.

Жаңа ғимараттың ашылумен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы орталықтың ашылуы қаладағы қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деген сенім білдірді.

Айта кетейік, заманауи ойын-сауық кешенінің бірінші қабатында қонақтарға арналған ыңғайлы дәмхана орналасқан. Ал, екінші қабат балаларға арналған заманауи батут орталығымен қамтылған.

Арыстық жеке кәсіпкер бүгінгі таңда 30-дан астам жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Лифт пен домофон үшін төлем заңды ма? 2026 жылы тұрғындар не үшін төлеуге міндетті

admin

Әскери прокуратураның құрылуы, оның әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің құқықтарын, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қорғаудағы рөлі

admin

Төлеби төрінде 300 ге жуық жастар басқосты

admin