The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Дархан Сатыбалды Жетісайдағы базарда болды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Күлпаршын» базарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын пысықтады. Құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берді. Базар иесі мен кәсіпкерлермен кездесіп, әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде өзекті мәселелер қозғалды. Жеке нысандағы өрттен кейін 400 адамға 700 млн. теңге бөлінген. Саудагерлер қосымша қаражат сұрады. Мәселе қарастырылады.

Жаңа сауда орталығы жақын күндері жұмысын бастайды. Сауда орны жұмысын қайта бастаған соң ондағы кәсіпкерлер 1 жыл тегін отырады. Сондай-ақ салық органдарымен бірлесіп, салық төлеу мәселесі де қарастырылды. Бұдан өзге банктер және кредиттік ұйымдармен кәсіпкерлердің несиесін төлеуде кем дегенде бір жылға каникул алуға келіссөз жүргізілді. Кездесуде саудагерлер 160 адамға қосымша көмек сұрады.

– Қосымша көмек мәселесін шешуге күш саламыз. Басты мәселе – зардап шеккендер көмексіз қалған жоқ. Қосымша тағы көмек болады. Бұл жағын заң аясында қарастырып көреміз. Жалпы жекеменшік кәсіпкерлердің шаруасына әкімдік араласа алмайды. Бірақ соған қарамастан, тұрғындар табасынан айрылмау үшін, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұған сіздер түсіністікпен қарауларыңыз керек, – деді облыс әкімі.

Зардап шеккен кәсіпкерлердің басым бөлігі басқа сауда орындарына уақытша орналастырылған. Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жалғасуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: мүгедектігі бар 53 бала оңалту бағдарламасымен қамтылды

admin

Санкциялар мен соғыс: Қырғызстан сарапшысы Орталық Азияға әсерін түсіндірді

admin

Астанада оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібі ЖИ арқылы бақыланады

admin