The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Арыста саябақтар мен гүлзарлар қардан тазалануда

Арыс қаласында қардың қалың жаууына байланысты қаланың барлық коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінде қар тазалау жұмысына 5 арнайы техника мен 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Толассыз жауған ақ ұлпа қала тұрғындары мен көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қар тазалау жұмысын іркіліссіз атқаруда. Осылайша, бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңы тазаланды.

Бұдан бөлек, орталық көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда мамандар саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындарды тазалауда.

Қала әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын жол ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданын инфрақұрылым желілермен қамту жұмыстары жүргізілуде

admin

Келтемашат ауылдық округінде мал бордақылау кәсібіне қызығушылар қатары артып келеді

admin

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

admin