The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысының волейболшылары ел чемпионы атанды

Талдықорған қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-11 аралығында өткен волейбол бәсекесі өте тартысты өтті. Шаршы алаңдағы доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Волейбол спорты соңғы кездері елімізде қарыштап дамып келеді. Осы орайда ел чемпионаты да аса тартысқа толы болды. Әрбір команда жеңіс үшін келгендерін көрсетіп, бар күш-жігерлерін ортаға салды. Тәжірибелі жаттықтырушы Иса Раймханов баптайтын Түркістан облысының командасы қарсыластарын қапы қалдырып, ел чемпионы атанды. Ал Астана қаласының волейболшылары екінші орынды иеленсе, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының құрамасы қанағат етті.

Ойындардың әділ өтуіне төрешілердің де ықпалы өте зор. Бұл жарыста Түркістан облысының атынан ұлттық дәрежедегі төреші Серік Досболов төрелік етті. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: жастар мемлекетік бағдараламалар туралы арнайы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады

admin

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданына қарасты 5 мазаратта тазалық жұмыстары жүргізілді

admin

Қазақстандықтар алтын құйма сатып алуды көбейтті

admin