The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түлкібастық жас волейболшылар ел чемпионатында жүлделі орынды иеленді

Түлкібас ауданында волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-10 аралығында өткен тартысты турнирге 14 облыс пен Түлкібас ауданының құрамасы қатысты. Өңіріміздің жас волейболшылары ақтық сайыста Жетісу облысының құрамасынан есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Жетісу өңірінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті павлодарлық волейболшылар түйіндеді. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен, медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Санитариялық кітапшаларды бақылау электронды форматқа көшірілді

admin

Конституция қайта жазыла ма? Президент комиссия жұмысына баға берді

admin

Елордада азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

admin