The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: боран салдарынан жол қатынасы қиындады

Қазақстанның барлық аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктер елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын, сондай-ақ көктайғақ болатынын болжап отыр. Түркістан облысы аумағында 9 – қаңтар күні тоқтаусыз қар жауып, жолдар көктайғақ болып, қалың тұман түсуде. Осыған байланысты жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген қызметке кірісті.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде патрульдеуде. Республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент – Термез тас жолының Қазығұрт, Сарыағаш бағындағы жолдар, сондай-ақ көлік көп жүретін Түркістан-Шымкент бағытындағы жолдар бақылауға алынып, қажетті сақтық шаралары жасалуда.

Жауапты мекеме қызметкерлері қар басқан республикалық маңызы бар жолдарды тәулік бойы тазартып, жаңа жауған қарды арнайы техникалармен күреп шығуда. Көктайғақты болдырмау үшін қажетті құм, тұз себілуде. Сондықтан полицейлер жол қозғалысы ережесін сақтап, қолайсыз ауа райында аса қажеттілік болмаса жолға шықпауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде отасқандарына 50 жыл толған ерлі-зайыптыларға құрмет көрсетілуде

admin

Денсаулық сақтау министрлігі 50 дәріні МӘМС бойынша тегін берілетін дәрілер тізімінен шығарып тастады

admin

Елбасы тапсырмасы тарихи шаһарды жаңа белеске көтереді

admin