Былтыр Кентауда 180-нен астам үміткерге мемлекеттік грант берілді

0

Кентау қаласында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2022 жылға 173 адамға мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. Осыған байланысты, өткен жылы сәуір, тамыз, қыркүйек, қазан айларында мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталы арқылы жалпы 4-лек бойынша 616 үміткерлердің өтініштері қабылданған.

Тұрғындардың жобалары комиссия отырысында қаралып, бірқатар санаттар бойынша қабылданды. Атап айтсақ, жастар санаты – 102 жас, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 4 адам, мүгедектігі бар азаматтар – 20 адам, көпбалалылар – 43 адам, мүгедек балаға қараушы – 11 адам, асыраушысынан айырылған қатарынан – 2 адам қатысты.

Нәтижесінде, жалпы 182 адамның жобалары мақұлданып қаржыландырылды. Ұсынылған қызмет түрлері бойынша кондитерлік өнім – 16 жоба, мал шаруашылығы – 31 жоба, сұлулық салоны – 18 жоба, тігін шеберханасы – 25 жоба, жартылай дайын тағамдар – 6 жоба, жихаз жасау – 4 жоба, құс және балық шаруашылығы – 7 жоба, көшет бұталар – 2 жоба, автокөлікке қызмет – 14 жоба, оқу орталығы және компьютерлік қызмет – 16 жоба, басқа қызмет түрлері 43 жоба. Бұл жобаның басты мақсаты – кәсібін жаңадан бастағалы отырған немесе, кәсіп ашқысы келетін жандарға мемлекет тарапынан көмек беру, тұрғынды қиын жағдайдан шығару, еңбекке баулу.

Айта кетейік, 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы кәсібін дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алуға өтініш білдіргендер саны артқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ