The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Қазығұрттық спортшы жеңімпаз атанды

Жуырда Шымкент қаласында спорттың ережесіз жекпе-жек түрінен ALASH PRIDE FC 80 халықаралық турнирі өтті. Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Бразилия, Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан секілді алты мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады. Соның ішінде 77 келі салмақта 23 жастағы спортшы, қазығұрттық Аширов Досқали Қазақстанның намысын қорғады. Досқалидың қарсыласы танымал өзбек спортшысы болды.

Жерлесіміз жекпе-жек барысында қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсіріп, жеңімпаз атанды. Аширов Досқали қазіргі таңда наурыз айында өтетін кезекті жекпе-жек сайысына дайындалып жатқанын айтты.

Спортшы еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, атағымызды әлемге танытуды мақсат етіп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Мәдениет және спорт министрі өңір тұрғындарымен кездесті

admin

В Туркестанской области предпринимателям оказана поддержка в размере 90 млрд тенге

admin

Алматыда белгісіз біреу қала орталығындағы ғимаратқа бомба қойылғанын хабарлады

admin