The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ережесіз жекпе-жектен Түркістан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясы, «Arys Fight» аралас жекпе-жек клубының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ережесіз жекпе-жектен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. 17-19 ақпан аралығында жалғасқан жауынгерлік аралас жекпе-жек турниріне өңірдегі 300-ге жуық спортшы қатысты.

Жүректілер мен білекті спортшылар арасындағы MMA турниріне әскери самбодан 4 дүркін Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов пен бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақыпов бастаған спорт майталмандары мен жанашырлары құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Командалық есепте турнир қорытындысы бойынша Түркістан облысының №5 спорт мектебінің сайыпқырандары 17 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен I орынды иеленді.

Сондай-ақ арыстық спортшылар 13 алтын, 10 күміс, 6 қола медальмен II орынды, ал, Түркістан спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен III орынға тұрақтады. Жүлделі орын иегерлеріне диплом, медаль және демеушілердің атынан қаржылай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, бірінші орынға 500 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 50 мың теңге ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі

admin

Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады

admin

Астана күніне орай ерекше фотокөрме өтті

admin