The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысында жылына 16 мың тонна қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай бар

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аталған жылыжайда болып, жұмысымен танысты.

Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Облыс әкімінің орынбасары газ, су, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің қолжетімділігіне тоқталып, шаруалармен пікір алмасты. Қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы дизельді жылыту жүйелерін іске қосып, жұмысты жалғастыруға болатыны да айтылды.

«ЭкоИнвест» жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектарды құрайды, қазіргі таңда 11 гектар жерді қамтып, оның 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр өсуде. Алдағы жылы қалған 10 гектар жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылмақ.

Мұнда қызанақтың 7, ал қиярдың 2 түрлі сорты өсірілуде. Жылыжайда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте онлайн-сатылымға қойылған техниканы алаяқ тегін сатып алған

admin

Шымкентте керамогранит зауыты салынуда

admin

Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті

admin