The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент: қала әкімі ситуациялық орталығының қызмет сапасын арттыруды тапсырды

  • Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды.
  • Орталық ашылғалы орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
  • 24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде.
  • М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Gran Fondo World Championship пройдет в Алматы

admin

Еліміздің қауіп сейілмеген өңірлерінде 20 мыңнан аса волонтер жұмыс істеп жатыр

admin

4,8 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын конкурссыз өткізбек болған

admin