The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Түлкібаста Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы аталып өтті

Түлкібаста ұлт мақтанышы, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған танымдық конференция мен бірқатар шара өтті. Аталмыш іс-ша «Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық vaqf қоры» қоғамдық қоры жоспарына сай ұйымдастырылған.

Конференцияда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев таныстырып, қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің ұлы мектебін қалыптастырған тұлғаның даралығына тоқталды. Мерейтойда ғалым, «Абайтанушы» Мекемтас Мырзахметұлы, аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедарасының доценті, ф.ғ.к Темірбай Мұқашев, Түркістан облысы журналистер Одағының төрағасы Ғалымжан Елшібай және өзге де баяндамашылар ой қозғады.

Шара барысында ҚР Ақпарат және даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай және тағы басқа азаматтардың құттықтау хаттары оқылып, табысталды. Ұйымдастырушылар ғалым Мекемтас Мырзахметұлына шапан жауып, қатысушы ғалымдарға құрмет көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 4000 жуық тұрғын кәріз жүйесіне қосылды

admin

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды

admin

М.Әйтенов балаларын тастап кеткен әкелерден алимент өндіруде жоспарлы жұмыс жүргізуді тапсырды

admin