The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын анықталды

Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның заңсыз есірткі өсірумен айналысып жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары ақпарат алған бойда тұрғынның үйін тінтіді. Тексеру барысында үйінің ауласында есірткіге ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. Яғни, күдіктінің ауласынан 23 түп жасыл түсті өзіне тән айрықша иісі бар, өсімдік айғақты зат ретінде алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша егіліп тұрған өсімдік сора болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда осыған байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

admin

Шымкент: Қайнарбұлақ тұрғын алабында спорт кешені салынады

admin

Питер Фостер «Эйр Астанадан» кетеді: компанияның жаңа басшысы белгілі болды

admin