The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Әлем чемпионатында нысана көздеуден жерлесіміз алтыннан алқа тақты

Оңтүстік Кореяда нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чангвон қаласына 45 елден 600-ге тарта спортшылар жиналып, бақтарын сынауда. Корей еліндегі халықаралық жарыстың нәтижесі бойынша жерлесіміз Никита Чирюкин топ жарды. Қазақстан құрамасының спортшысы 25 метрлік тапанша атудан алтыннан алқа тағып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Шымкенттік спортшымыз Никита Чирюкин мен бапкері Рашид Юнусметовты құттықтаймыз! Бір рух, бір команда, бір жеңіс. Жеңісті күндер көп болғай!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС-ке ай сайын төлеп, бірақ қолданбаған ақша қайда кетеді?

admin

Түркістан облысында су нысандарын реттеу, жөндеу жұмыстары жаңаша бағытта жүріп жатыр

admin

Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды

admin