The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Шымкентте есірткіге масаң күйде көлік басқарған 56 жүргізуші жауапқа тартылды

Соңғы жылдары елімізде есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушілердің жол жүру ережелерін ашық бұзып, ЖКО жасауы сияқты бірқатар құқық бұзушылықтардың орын алуы қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі.

Сәйкесінше алкогольмен, есірткі заттарымен мас күйде тізгінге отыру жол жүру қозғалысына үлкен қауіп төндіреді. Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылау үшін полиция қызметкерлері Аталған жол-көлік апаттарының алдын алу және жол жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.

Нәтижесінде, Шымкентте ағымдағы жылдың 6 айында есірткіге масаң күйінде көлік басқарған 56 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы ( жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Осыны ескере отырып, Шымкент қаласының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз және мас күйінде басқармауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысты 500-ге жуық іс тіркелген

admin

Түлкібас: әкім мен халық арасындағы диалог

admin

Создан Межведомственный совет по вопросам инвесторов нефтегазовой отрасли

admin