The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстанда діни ұйымдардың қызметі реттелмек

 Діни ұйымдардың қызметін реттеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жүгенсіздікке жол беруге болмайтынын айтты.

Тоқаев айтқандай, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірген. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты.

Президент Ұлттық құрылтай отырысында азаматтардың алаңдап отырғанын ескеріп, теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ екеніне назар аударды.

Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуы тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, — деді Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда А гепатитіне шалдыққандыр көбейген

admin

Республикалық ән додасында Түркістан облысының өнерпазы жүлдемен оралды

admin

М.Әйтенов: кәріз жүйелерін жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтау керек

admin