The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертті

 Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүргізілетіні туралы хабарламалар таратып, ынтымақтастық орнатуға және құжаттарды ұсынуға шақырады.

Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген. 

Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан. Ескертеміз, Агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды, — деді ҚМА баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта мерекеде қарияларға арналған орталық ашылды

admin

Атырау облысында прокурорлар 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

admin

Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма

admin