The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

М.Әйтенов: кәріз жүйелерін жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтау керек

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда.

Қала әкімі М. Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы-20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті.

Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% — дан 65% — ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН бизнес форумында 92,8 млн ақш долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды

admin

Түркістан облысында 2024 жылы 149 елді мекенде интернет сапасы жақсарған

admin

Астанада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр

admin