The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ауа райы: Қазақстанның 16 облысында ескерту жарияланды

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 6 ақпанда елдің басым бөлігінде қатты жауын-шашын күтіледі: қар, жаңбыр, боран, көктайғақ және тұман болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жекелеген аумақтарда желдің екпіні секундына 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, ал ел бойынша жел жылдамдығы 15–28 м/с аралығында болады. Әсіресе қолайсыз ауа райы Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарында күтіледі.

Кейбір өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі мен қатты аяз болжануда, мәселен Маңғыстау облысында түнде –20°C-қа дейін суытуы мүмкін.

Тұрғындарға жолда және көшеде жүргенде сақ болу, ашық ауада ұзақ уақыт болмау, сапарларды жоспарлау кезінде қолайсыз ауа райын ескеру ұсынылады. Жел мен жауын-шашын көктайғақ пен жаяу боран тудырып, әсіресе таулы аймақтар мен асуларда көрінімді нашарлатуы мүмкін.

Айта кетейік, біз бұған дейін ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі ENI PLENITUDE ARM WIND компаниясының бас директорымен кездесіп, жаңа жобаларды талқылады

admin

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктерге саны артуда

admin

Қазақстан мен Татарстан арасындағы исламдық білім беру мәселелері талқыланды

admin