The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бозарық шағынауданында 49 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда

Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді.

Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Студенттер емтихан тапсырмау үшін жалған медициналық анықтама ұсынған

admin

Шымкентте 95 жастағы зейнеткер қаржысын алаяқтарға беріп қойған

admin

Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу жөніндегі «референдум» бір күнде өтуі мүмкін

admin