Білім ұяларының құрылысына отандық тауарларды пайдалану қажет

0

Енді «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің құрылысына отандық өнімдер қолданылады. Түркістан облысының әкімі білім ұяларына қажетті материалдары арнайы стандарттармен бекітілетінін жеткізді. Осы орайда өңір басшысы материалдарға қатысты ұйымдастырылған көрме қатысып қайтты.

Облыс әкімі Түркістан аймағында бой көтеретін білім ошақтарының сапалы әрі жоғары деңгейде жасалуына аса мән беруде. Облыста салынып жатқан мектептердің құрылысына жергілікті өндіріс орындарының өнімдерін пайдалану қажет дейді Дархан Сатыбалды. Білім мекемесінің құрылысына байланыста өткізілген шарада 10-ға жуық компания өз тауарларын ұсынды.

Самат Көшкінбай,  Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары: «Биылдан бастап Түркістан облысында жайлы мектеп бойынша мектеп ғимараттарының құрылысы бастап сол мақсатта мектептегі оқушыларды сапалы жиһаздармен қамтамасыз ету үшін біз бүгін арнайы мектеп директоры, мектеп саласындағы сарапшыларға арнап бүгін мынау көрмені ұйымдастырып отырмыз. Облыс басшылығының негізгі ұстанымы – мектеп ғимараттарын толығымен отандық өндірушілердің өнімдерімен қамтамасыз ету».

Облыстағы 63 мектепке қажетті барлық жиһаздар арнайы тапсырыс бойынша жасалынбақ. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы орайда жергілікті әкімдік жергілікті және отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл өз ретінде бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік бермек.

Мақсат Тұрдиев,  Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: «2023 жылы 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы қалған 34 мектептің құрылысы аяқталады. Обылс әкімінің өкімімен мектеп құрылысына қажетті жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топқа кіретін мектеп директорлары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, Атамекен кәсіпкерлер палатасының филиал өкілдері кірген».

Қазіргі уақытта аталған көлемді құрылыс жұмыстарына жер бөлініп, жобаны жүзеге асу алгоритмі жасалған. Жұмысшы топтың құрамына жауаптылар отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылайды.


ПІКІР ЖАЗУ