The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

«Бозарық» индустриялық аймақ

Шымкент қаласы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Индустриялық аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жасақталған. Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды.

Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі, инвестиция көлемі — 456 млн. теңге, жұмыс орны — 25 адамды қамтиды. Сүт өнімдерін өндіру, инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, жұмыс орны — 100 адам. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адам. Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адам.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жүктілік 50% жоғары

admin

ШЫМКЕНТ: «Ашық әкімдік» арқылы тұрғын үй-коммуналдық мәселелердің шешімі табылуда

admin

Алматы тауларында аяғын жарақаттаған шетелдік турист құтқарылды

admin