The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Алюминийдің әлемдік бағасы күрт қымбаттады

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейндегі зауыттарға жасалған соққылардан кейін алюминийдің әлемдік бағасы күрт көтерілді. Таяу Шығыстағы екі өндірістік алаңға Иран шабуыл жасап, әлемдік өндірістің едәуір бөлігі тиесілі аймақта жеткізу тізбегінің үзілу қаупін тудырғаннан кейін, алюминий бағасы шамамен 6%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Осылайша, Лондон металл биржасындағы бағалар сауда-саттықтың басында 6%-ға, яғни тоннасына 3 492 АҚШ долларына (14 045 юань) дейін көтерілді. Австралиялық алюминий компанияларының акциялары да өсті.

Таяу Шығыстағы ең ірі алюминий өндірушісі Emirates Global Aluminium PJSC сенбі күні Абу-Дабидегі зауытының «айтарлықтай зақымданғанын» мәлімдеді, ал Бахрейннің мемлекеттік алюминий компаниясы өз кәсіпорнындағы шығынды бағалап жатқанын хабарлады.

Таяу Шығыстағы соғыс автокөліктерде, ұшақтарда және күн панельдерінде қолданылатын алюминий бағасының өсуіне әлдеқашан әсер еткен болатын.

Өйткені аймақтағы балқыту зауыттары металды жөнелте алмай, шикізатты әкеле алмай отыр. Соңғы шабуылдар жағдайды ушықтырып, тіпті Ормуз бұғазы қайта ашылса да, жеткізуді ұзақ мерзімге тоқтатуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Иран БАӘ мен Бахрейндегі зауыттарға соққы жасағаны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: энергетика вице-министрі «бозарық» қосалқы станциясында болды

admin

ШЫМКЕНТ: 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы зерделенді

admin

Түркістан: Ақсақалдар қайырымдылық дүкенін ашты

admin