Тәулігіне 50 мың текше метр су айдайтын қосымша кәріз

0

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу мақсатында қазіргі тазарту имаратының жанынан қосымша кешен құрылысы салынуда.

Бүгін Мұрат Дүйсенбекұлы аталған құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын қадағалады.

Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың м3 ағын суды өткізе алады.

Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.

2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады.

Осыған орай Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қосымша ғимарат салу жоба құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге.

Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ