The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Премьер-министр: Жағдай біртіндеп түзеледі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында өңірлерде жылу, энергия және сумен жабдықтау саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы бұған дейін инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбегенін атап өтті.

«Көптеген жыл бойы тарифтер жасанды түрде тежелді, яғни көтерілмеді. Жылу, энергия, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілерін жаңғыртуға және күрделі жөндеуге қаражат салынған жоқ. Инфрақұрылым әбден тозған, тіпті кей жерлерде жағдай өте қиын болды. Сондықтан биыл инфрақұрылымды жаңарту және жөндеу бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық», — деді Әлихан Смайылов.

Атап айтқанда, мемлекет осы желілердің барлығын жаңғыртуға және күрделі жөндеуге шамамен 300 млрд теңге жұмсады. ЖЭО-дың меншік иелері де тиісті жұмыс жүргізіп, энергия көздерін жөндеуге 19 млрд теңге салды.

«Мұндай жұмысты бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Жұмыс тұрақты негізде жүруі керек. Ол үшін біз арнайы “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын қабылдадық. Тозуды нормативтік деңгейге дейін төмендету үшін бұл жұмыстардың барлығы ең кемі 5-6 жыл бойы жүруі керек. Жағдай біртіндеп түзеледі», — деп түйіндеді Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

«ЖИ – құрал, жауапкершілік адамда»: Айна Задабек медиада ЖИ-ді сынақтан өткізудің артықшылығын атады

admin

ТҮРКІСТАН: Созақта сұрапыл соғыстың қарт майдангеріне құрмет көрсетілді

admin

ШЫМКЕНТ: Соңғы үш жылда 850 шақырымнан астам жол төселді

admin