The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қорытынды кеші өтті

Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына 5 жыл толуына орай Түркістан музыкалық драма театрында «Жас Сарбаз – бес жыл, бес белес» атты облыстық қорытынды кеш өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасының орынбасары Мұхтар Қаратаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Дилмурад Нұржанов және 17 аудан, қаладан келген 300-ге жуық жас сарбаз бен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.

Жас сарбаздардың қозғалысы әрбір жас патриоттың тұлғасын қалыптастыруда еңбек жасап жүрген аға буынға, аяулы ұстазға, ардақты ата-анаға, тәлімгер мен тәрбиешіге, және жыл бойы жас сарбаздар қатарында түрлі әскери-патриоттық, мәдени-спорттық жарыстарға қатысып, айрықша белсенділік танытқан үздік оқушыларға алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 900-ден астам мектепте «Жас сарбаз» сыныбы бар. Онда 19 000-ға жуық оқушы әскери-патриоттық сабақтарынан білім алады. Яғни жас буынды патриоттық сезімге баулып, әскери дағдыға үйретіп келеді. Нәтижесінде өңірдің білім беру мекемелеріндегі «Жас сарбаз» клубының қатысушылары Республикалық сайыстарда әскери-патриоттық, мәдени-спорттық сайыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет робот жүрекке ота жасады

admin

Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда

admin

ҰҚК Жамбылда шекара қызметінің офицері қаза болғанын хабарлады

admin