Ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер іздестіріліп жатыр

0

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.


ПІКІР ЖАЗУ