Заңсыз берілген 77 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шымкентте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мемлекет меншігіндегі 46 жер учаскесін кәсіпкерлерге негізсіз берген.
Антикор мәліметінше, жер телімдері 2019-2021 жылдар аралығында аукционсыз үлестіріліп отырған. 3 тарапқа сатылған учаскенің құны 3 млрд теңгені құрайды. Заңсыз іс-әрекет жауапты мекемелердің тексеріс жүргізуі барысында анықталған.
«Жер берудің мұндай фактісі ҚР ҚК-нің 48 бабына қайшы келеді. Департамент қалалық жер ресурстарын басқару департаментіне жер кодексіне қарама-қайшы табысталған жерлерді қайтару бойынша сот органдарына талап-арыз келтіру бойынша хат жолдады. Нәтижесінде жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды»,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.
Жер мәселесіне байланысты іс 2023 жылы ақпан айында сотқа жолданған болатын. Қазір 77 гектарды құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй, мектеп, емхана салуға арналған жер телімдері бар. Десе де іс аппеляциялық сотта әлі қаралып жатыр.
«46 жер учаскесінің 44-сі көпқабатты тұрғын үйлерге арналған жерлер. Екеуі есхана салуға, 2-еуі мектеп салуға арналған. Кәсіпкерлік жерлер бар. Қазір 1-ші сатылы сотта қаралып болып, аппеляциялық сотта қаралып жатыр»,-деді Шымкент қаласы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдіразақов.