The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықДенсаулық

Тың терапия инфекцияның таралуын тоқтатты

 Шымкенттік дәрігерлер Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған арнайы терапия арқылы ВИЧ инфекциясының таралуына тосқауыл қоюда. Қаладағы ЖИТС орталығының мамандары тиімді профилактикалық шараларды жұқпалы инфекциясы бар жұптың серігіне және тағы да басқа қауіпті топтағы пациенттерге қолданады.

Осыған дейін арнайы терапия аясында вирусқа қарсы препараттарды қабылдаған 107 адамның бірде-бірінен жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

Орталықта қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Бұл тәжірибе қалада инфекцияның таралуын төмендетуге үлкен сеп болып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл медицинасын жаңғырту. Павлодар облысында 30 нысан бой көтереді

admin

Түркістан: іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ұсталды

admin

ТҮРКІСТАН: солтүстік өңірлерге қоныс аударушы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі

admin