«2-10-20 бақытты отбасы» бағдарламасының жаңа әдісі
2023 жылдың 15 тамызынан бастап, Бақытты отбасы бағдарламасы жаңа әдіспен жүзеге асырылады. Сондай ақ 10%-дан басталатын алғашқы жарна болған жағдайда, несиелер жылдық 2% (ЖТСМ 2%) беріледі. Несие мерзімі 20 жылға дейін болады.
Жергілікті атқарушы органдарда баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың келесі санаттары жылдық 2% мөлшерлемесімен (ЖТСМ 2% -дан бастап) қолжетімді несие алуға өтініш бере алады:
- Бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Көп балалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылар, көп балалы аналар.
Пәтер сатып алу мәмілесі тікелей бағдарлама қатысушымен жасалатын болады.
Егер 1 және 2 топтағы мүгедек еңбекке жарамсыз болса, өкінішке орай ол мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмайды.
Егер мүмкіндігі шектеулі азаматтың кірісі болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда ол қосымша қарыз алушыларды тарта алады.
Енді зағип жандар кепілгер ретінде туған ата-анасын, асырап алған ата-анасын, асырап алған балаларын, бір ата-анадан туған және бір ата-анадан тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілерін, сондай-ақ атасы, әжесі, немерелерін тарта алады.
Өтінімдер otbasybank.kz сайтында жарияланады.
2022 жылғы жылдан бері жеңілдетілген заем ала алмай жүрген «Бақытты отбасы» бағыты қатысушыларының өтініштері 2023 жылдың 15 тамызында жойылатын болады. Бұл ережеге «Толық емес отбасы» санатына жататын, сондай-ақ белгілі бір нысанға өтініш беріп, қазір заем алу барысында тұрған азаматтар ғана бағынбайды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі