Киберполицейлер кәмелеттік жасқа толмаған екі алаяқты құрықтады
Қарағандылық «Киберпол» қызметкерлері «Hi-Tech» жедел алдын алу іс-шарасының аясында 30-дан астам алаяқтық фактісіне қатысы бар күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 15 млн теңге. Жәбірленушілер тек Қарағанды облысының ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінен екені белгілі болды. Күдіктілерді ұстау операциясына полиция қызметкерлерімен қоса, балаларды қорғау ұйымынан да өкілдер қатысты. Өйткені күдіктілердің бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларды ұстау операциясы Алматы және Талдықорған қалаларында жүргізілді.
17 жастағы жасөспірім мен оның серіктесі Алматы қаласының 54 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы арзан бағаға телефон сатамыз деп хабарлама жариялаған.
Оларды ұстау барысында күдіктілерден Apple 256Gb маркалы Макбук, тапсырыс берушілерді жазғаны туралы қойын кітапша, Beeline, Activ, Tele2 операторларының бес SIM-картасы, 5 миллион 453 мың теңге ақша, Instagram әлеуметтік желісіне байланыстырылған IPhone 14 телефоны тәркіленіп, алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталғандардың басқада осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.