The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Студенттер емтихан тапсырмау үшін жалған медициналық анықтама ұсынған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат — Шымкентте студенттер емтихан тапсырмау үшін жалған медициналық анықтама ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтері емтихан кезінде студенттер ұсынған 48 медициналық анықтаманың заңды еместігін анықтады.

Мониторинг барысында ұсынылған 185 медициналық анықтаманың 48-і Damumed мобильді қосымшасының мәліметтеріне сәйкес келмеген.

«Анықтамалар басқа адамдарға тиесілі болып шықты. Күндері де сәйкес келмейді. Аталған факті бойынша шара қабылдау үшін қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тиісті медициналық мекемелерге хат жолдады» делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұсынған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

«Д.Қонаев біздің халқымызға бұйырған тағдыр сыйы іспетті»

admin

Түркістанда қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді

admin

Арыста конституция күні аталып өтті

admin