4,8 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын конкурссыз өткізбек болған

0

Шымкентте қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы төтенше жағдайлардың салдарын жою тәсілімен «Бадам» өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын конкурссыз 4,8 млрд теңгеге тікелей сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тапсырыс берушімен бір көзден сатып алу әдісі рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсіліне өзгертілді» деп түсіндірді қалалық антикор басшысы.

Осыған ұқсас тағы екі лот бойынша сатып алу тәсілін негізсіз таңдағаны үшін уәкілетті орган қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Е.Жолдасовты әкімшілік жауапкершілікке тартты.


ПІКІР ЖАЗУ