The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ — АТА ЗАҢ

Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 30 тамыз-Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мерекелік «Тәуелсіздік тірегі-Ата заң» атты концерттік шарасы өтті.

Өркениетті, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жүрген, Ата заңын асқар тауға балаған азаматтар бағзы замандағы заңды бұзбай орындау деген қағида әр адамның санасына жастай сіңді. Осы мақсатта қастерлі Конституциямызға құрмет ретінде ұйымдастырылған шараға Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар қатысты.

Жас буынға Ата Заңымыздың құндылығын насихаттап сөз алған Жарқынбек Құлбайымбетов: «Отанымыздың түп қазығы — Ата Заңымыз мемлекетіміз бен халқымыздың тұрақты дамуына, экономикамыздың өркендеуіне, мәдениетті ел ретінде танылуға сеніміміз мол» деп сөзін түйіндеді.

Мерекелік шара аясында ақындығымен бірге әділ би бола білген Абай Құнанбайұлы мен ақиқат жолында аянбаған Тәуке ханның ролін сомдаған көрініс қойылды. «Яссы» би ансамблінің билері ашық аспанды тербесе, «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасының өлең жолдары өрелі жастарға рух берді.

Елдігіміз бен ерлігімізді әсем әндерге қосқан Түркістан қалалық мәдениет үйінің әншілері қазақ жерінің кеңдігін әнмен әлдиледі. Көк аспанда желбіреген көк туымызға сән берген Жастар ресурстық орталығының жалындаған жастары Жаңа Қазақстанның болашағы екендіктерін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Кровавая драка в Актау: мужчину пырнули в грудь ножом

admin

Ұлыбритания барлау қызметінің басшысы: Украинада Ресей әскерінің «демі таусылды»

admin

Шымкентте еңбек мобильдігі орталығының басшысына сот үкімі шықты

admin