The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: құқық қорғау мен әлеуметті мәселелер бойынша жиын өтті

 Бүгін «Қамқорлық» жанұя орталығында азаматтардың құқығын қорғау мен әлеуметті мәселелер бойынша жиын өтті.

Басқосуға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, әдеп уәкілі Ерлан Кузембаев, қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері және бала құқықтары жөніндегі облыстық өкіл Гүлжан Ералиева қатысты.

Жалпы соңғы уақытта қаламызда азаматтардың әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар орталық құрылып, халықпен тығыз байланыс жасап, түрлі бағытта жобалар қолға алынуда.

Бүгінгі басқосуда Түркістан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ың және «Қамқорлық» жанұя орталығында атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, мақсат — міндеттер талқылап, ұсыныс- пікірлер ортаға салынды.

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛДАУ: Елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету

admin

ШЫМКЕНТ: Жылына 150 мың дана дөңгелек шығаратын кәсіпорын бар

admin

«Маугли» балалар: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

admin